ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Қостанай облысы бойынша департаментінің өкілдері Рудный электр станциясына (бұрынғы ЖЭО) дәстүрлі баспасөз турын өткізді. Нысан ERG құрамындағы «Соколов-Сарыбай кен-байыту өндірістік бірлестігі» АҚ филиалы болып табылады. Жөндеу жұмыстарының барысымен танысу және жалғасып жатқан жаңғырту туралы алынған ақпарат нысанның алдағы жылыту маусымына уақтылы және сапалы дайындығына көз жеткізуге мүмкіндік берді.
Баспасөз турына Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қостанай облысы бойынша департаменті бөлім басшысы Назым Бақытжанқызы мен БАҚ өкілдері қатысты. Электр станциясы операциялық директорының міндетін атқарушы Нұрлан Жағыпаров жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары мен жабдықтардың тозуын азайту жоспарлары туралы айтып берді. Бұл міндеттерді шешуге жыл сайын қомақты қаражат жұмсалады. Егер 2023 жылы инвестициялық салымдар сомасы – 937,1 млн теңгені құраса, ағымдағы жылы инвестициялар сомасы – 962,5 млн теңге.
– Қолданыстағы қуаттарды қолдау үшін жабдықтар мен негізгі тораптарды күрделі жөндеу тұрақты негізде жүргізіледі, – деп баяндады Нұрлан Жағыпаров. – Қазір біз жаңа энергетикалық қазанды құрастыру жобасының үштен бірінде тұрмыз, ол қалған қазандарды одан әрі қайта құру мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін жылу қуатының қосымша резервін қосады. Сондай-ақ, ағымдағы жылы біз жылу турбинасын қайта жаңарту жобасын іске қостық. Онда турбинаның негізгі тораптарын парк ресурсын «нөлдендірумен» ауыстырамыз, генераторды жаңғыртамыз және қосалқы жабдықты қалпына келтіреміз. Сонымен қатар биыл № 5 су ысыту қазанын күрделі жөндеу басталды.
Баспасөз туры бағдарламасына бірден екі нысан – №4 су жылыту қазаны мен №2 турбоагрегат кірді. Қазан қаңқаларының элементтері, ВЦ14-46-5 желдеткіштері, сондай-ақ диаметрі 500 мм және 600 мм ысырмалар ауыстырылды. Күрделі жөндеудің жалпы құны – 319,5 млн теңге. Жоспарлы жұмыстар толық көлемде орындалды.
№2 турбоагрегатты қайта жаңарту іс-шаралары ұзақ мерзімді. Оларды 2025 жылы аяқтау жоспарлануда. Осы бағыттағы салымдардың жалпы сомасы – 4 008 млн теңге. 2023 жылы 473,5 млн теңгеге жоспарлы жұмыстар орындалды. Турбинаның негізгі жоғары температуралы құйылған корпус бөлшектері (ЖҚЦ, тоқтату клапаны, басқару клапаны) және турбина роторы ауыстырылады.
ERG электр станциясын қайта құру қамында ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарын іске асырды жалғасып жатыр. Бұл айтарлықтай салымды қажет етеді және компания мен ССКӨБ үшін қала тұрғындарының қыс мезгілінде үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз етілуі өте маңызды. Бұл міндет басымдықта.