Сенбілік — тазалық таразысы

Бүгін Рудныйда «Таза Қазақстан» акциясы аясында тағы бір маңызды экологиялық сенбілік өтті.

Ұйымдастырушылар ССКӨБ АҚ қоршаған ортаны қорғау бөлімінің және Рудный қаласы әкімдігінің қолдауымен «Поколение KZ» ҚБ болды. 60-тан астам адам қала шатқалын тазалауға шығып, оның жағалауларын ластаған көптеген тұрмыстық қоқыстарды жинады. Аймақ әсіресе көптеген бөтелкелер мен пластикалық қалдықтармен ластанған.

            Ұйымдастырушылардың бірі Геннадий Геннадьевич: «Бүгін Аллея маңайында тазалық жүргіздік. Жуырда толық жарықпен қамтамасыз етеміз, ойын алаңдары ретке келтіріледі. Біз ластанудың бұл түрімен жыл сайын бетпе-бет келеміз және бізді қатты алаңдатады. Біздің басты мақсатымыз — Рудный тұрғындарының назарын табиғаттың ластану проблемаларына аудару және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Тазалықты сақтау – әрбір азаматтың негізгі міндеті. Туған өлкемізді өзіміз таза ұстап, аялауды қолға алуымыз қажет. Мемлекет тарапынан түрлі шаралар атқарылуда. Тұрғындар да ауқымды жұмыстарымызға тазалықты сақтау арқылы үлес қосса дейміз. Қаламызды жақсартуға үлес қосқан барлық қатысушыларға алғыс айтамыз. Қазіргі таңда қаламызда үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілуде және аяқталғаннан кейін ретке келтіру қажет. Сонымен қатар, жастармен жұмысты арттыру қажет. Олар қазір сенбіліктерге белсенді қатысады, қоқыстарды лақтырмайды. Бұл қуантарлық жағдай. Күшіміз бірлікте!»,-дейді.

«Таза Қазақстан» республикалық экоакциясының аясында өткен сенбілікке белсенді қатысушылардың бірі — қала әкімдігінің сәулет және құрылыс бөлімінің ұжымы. Бөлім басшысының айтуынша, сенбіліктерге қатысу әр тұрғынның міндеті.

— Қоғамда қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында  ұйымдастырылған экоакция аясында қала тазалығы үшін жұмыс атқаруға келдік. Таңдалған аймақ қараусыз қалған. Бүгін ағаштармен қоқыс қалдықтарын жинадық. Біздің ұжым бұндай шараларға бірінші рет қатысып тұрған жоқ. Ай сайын, тіпті айына бірнеше рет болады. Бұл белсенді өмірлік әрекет,- дейді Ульяна Бухвалова.

Қалалық мәдениет бөліміде толық ұжымда сенбілікке қатысты.

— Сенбілік барысында көгал айналасын ретке келтіріп, қоқыстардан, жапырақтардан және сынған бұтақтардан тазарту жұмыстары жүргізілді. Осыған дейін бірнеше сенбіліктерге қатыстық. Бүгін біздің ұжым бірнеше қап қоқыс үйінділерін шығарды. Көбіне пластикалық және шыны бөтелке ыдыстар, пакеттер және сынған ағаш бұтақтары. Қала бойынша тазалық жұмыстары өз нәтижесін береді деп сенеміз,-деп атап өтті бөлім маманы Қанат Ысмағұлов.

Ұйымдастырушылар барша қала тұрғындарын тазалық мәдениетін сақтап, аула жән көше тазалығын сақтауға шақырады.

 

Гүлім Мұрат

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *