Синоптиктер Қазақстанда 2023 жылғы 14-16 желтоқсанға арналған күн райы болжамын ұсынды.
Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде күн жауын-шашынсыз, ашық болады, бірте-бірте аяздың беті қайта бастайды.
«Қазақстанның шығысында арктикалық антициклонның орталығы орналасады, сондықтан мұнда төмен, аязды температура сақталады», – дейді синоптиктер.
15-16 желтоқсанда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қар жауады. Республиканың батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жел күшейіп, қар жауады, таулы аймақтарда тұман түседі, республиканың батысында шаңды дауыл соғады.
Түнде ауа температурасы:
- батыста -5-15° дейін;
- солтүстік-батыста және орталықта -10-25°дейін;
- солтүстікте -17-28°;
- оңтүстікте -5-18°;
- оңтүстік-шығыста -10-25° дейін біртіндеп көтеріледі деп болжанды.
Қазақстанның шығысында -30-40° аяз болады.