Сын түзелмей мін түзелмейді

Рудный қалалық «Мәдениет және тілдерді дамыту» бөлімі мен «Тілдерді оқыту» орталығының бірлескен жылдық жоспары негізінде «Қалалық ішкі саясат бөлімі» және «Сәулет және қала құрылысы бөлімі» мекемелері бірлесе отырып, қаладағы сауда нүктелеріндегі көрнекі ақпараттардың және сыртқы жарнама мәтіндерінің мемлекеттік тіл заңнамасына сәйкес орналасуы бойынша мониторинг жұмыстары жалғасуда. Заң шеңберінде қарастырылған ауқымды шараның әкімшіліктерімен кезекті түсіндірме жұмыстары Ленин көшесі 139 мекенжайында орналасқан «Фортуна» дүкені, Парковая көшесі 66/1 мекенжайында орналасқан «City» дүкені, Комсомольский көшесінде орналасқан «Меркурий» дүкені жүргізілді.

— «Тілдерді оқыту» орталығының түзген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес арнайы мамандандырылған топ болып бірігіп, жетісіне екі рет қаладағы халыққа қызмет көрсету орталықтарына, дүкен, сауда орындарына тексеріс жүргізіп отырамыз. Ағымдағы жылдың мамыр айында жүргізілген мониторинг нәтижелері бойынша 19 объект, оның ішінде әр түрлі типтегі яғни киім-кешек, азық-түлік, гүл сауда дүкендері желісі, қала моншалары қамтылды. Тексеру барысында анықталған қателіктер логотивтер ішкі тәртібінің дұрыс орналаспауы және азық-түлік атауларына енгізілген өзгерістер нәтижесінде қателіктер анықталып, жадынамалар таратылуда. Бізді қуантарлық бір жағдай, халыққа қызмет көрсету орталықтарының, сауда орындарының қайсысына барсақ та мемлекеттік тілге деген құрмет бірінші орында екендігінің, сонымен қатар, айтылған сынды дұрыс қабылдап, келісімді түрде қателіктер үстінде нәтижеге жұмыс жасап жатқандығының куәсі болып жүреміз, бұл біздің еріскен үлкен жетістігіміз деп айта аламыз,- деп атап өтті орталық директорының орынбасары Асем Туменбаева.

Тілдерді оқыту орталығы мамандары жалпы халықтық қызмет көрсету салаларына, яғни, сауда дүкендері, кинотеатрлар, емханалар, дәріханалар, кітапханалар, банк, мұражайлар және т.б. мекемелерге QR код пайдалана отырып, өз бетінше оқуы және жұмыс барысында пайдаланулары үшін, сонымен қатар қарапайым халыққа қолайлылық жарату мақсатында «Тілашар» қосымшасын әзірледі. Қосымшаның ішіне сатушы мен тұтынушы арасындағы байланысқа бағытталған ауызша сөйлесу шаблондары сақталған. Мониторинг барысында жадынамалар таратумен бірге QR код беріледі.

— QR кодынан қалай пайдалану туралы ақпараттар әлеуметтік желілерде, теледидар хабарламаларында, облыстық және жергілікті баспа басылымдарында жиі жарияланып отырады. Яғни бұл қосымшаны біздің сала мамандарының және бір жетістігі деуге де болады,-дейді Асем Абзалқызы.

Тексеру барысында заң аясында талап етілген нормалар сақталмай, өрескел қателіктер кездесіп жатса оларға 2 рет ескерту жасалады. Келесі тексеруге дейін анақталған қателіктер жолға қойылмаған жағдайда ҚР әкімшілік құқықбұзушылық туралы коддексінің 75-бабына сәйкес (белгіленген мөлшердегі айыппұл) шаралар қолдану көзделген.

— Біздің түпкі мақсатымыз қателік іздеу немесе айыптау емес, бәлкім, көш жүре түзеледі дегендей бірлесе отырып қателіктерді түзетіп, қолдан келген көмегімізбен бөлісу. Сондықтан да үнемі байланыс номерлерімізді қалдырып отырамыз. Сонымен қатар, халықтың пікірімен де санасып, олардан келіп түскен ақпараттармен де жұмыс жасаймыз, яғни, қателікке көзі түскен тұрғындар хабарласып, мекен-жайды баяндайды, біз де өз кезегімізде мәселенің шешімін табуға әрекет қыламыз, — деп бөлісті орталық маманы.

Еліміздің әрбір өңірінде қызмет жасап жүрген тіл жанашырларына істеріңіз сәтті болсын дейміз, елім деген ерлер барда ел мерейі үстем болары ақиқат!

 

Салтанат ҚАДЫРҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *