«Алые паруса» шығармашылық үйінде 1968 жылы қазақ киностудиясы түсірген режиссер Шәкен Аймановтың «Тақиялы періште» музыкалық комедиялық фильмінің көрсетілімі өтті.
Киносеанстың мақсаты адамдарға қуаныш сыйлап, жағымды атмосфера құру. Сондай-ақ көңілді, музыкалық комедияны көпшілікпен бірге көруге мүмкіндік беру болды. Толығырақ келесі бейнематериалда.
Іс —шараның басынан бастап ерекше атмосфера сезілді-көптеген көрермендер өз жұбымен немесе отбасымен келіп, іс-шараға жылулық сыйлады. Фильм алғашқы минуттардан бастап көрермендердің назарын аударып, Әр көрініс — әуендер мен билерге толы болып, көрермендердің бойына қуаныш сезімін кернетіп, балғын балалық шақтарын еске түсірді.
Іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі- Мұқан Жарболұлы фильмді таңдау кездейсоқ емес екенін айтып өтті. Оның айтуынша, «Такиялы періште» қаланың көптеген тұрғындары үшін ерекше маңызға ие және халық рухын біріктіретін мәдени тарихтың бір бөлігі болатын фильмдерді бірі.
Алые паруса шығармашылық үйіндегі бұл іс-шара мәдени мұраны ұрпақтан-ұрпаққа сақтау және беру үшін осындай кездесулер қажет екенін тағы да растады.Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кинофильмдерді болшақта да көрсету жоспарланулда.
Барлық ақпаратты «Алые паруса» инстаграм желісі арқылы немесе басқа да дереккөздер арқылы бақылап келушілерге «Алые паруса» есігі әрдайым ашық!