Тобыл жағасында «Спорттық экожөндеу» акциясы өтті

Бүгін Рудный қаласында “Таза Қазақстан” республикалық экологиялық акциясы аясында Тобыл өзенінің жағасында “Спорттық экожөндеу” тимбилдингі өтті. Іс-шараға жастар еңбек жасақтары, колледж студенттері және Рудный қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының, сондай-ақ Рудный қаласының Жастар ресурстық орталығының қызметкерлерімен 40-тан астам адамды қамтыды.

Ұйымдастырушылар Рудный қаласы әкімдігінің “Жастар ресурстық орталығы” КММ болды. “Таза Қазақстан” жалпыұлттық науқанын өткізудің маңыздылығын Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының жыл сайынғы “Бірлік.Жасампаздық.Өрлеу”. сессиясында атап өткен болатын.

Тимбилдинг өзен жағалауын тазалаудан басталды. Онда қоқыс пен тұрмыстық қалдықтар жиналды. Содан кейін Рудный қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері су айдындарында жүріс-тұрыс ережелерін, өрт қауіпсіздігі техникасын сақтау бойынша макеттер мен арнайы жабдықтарды пайдалана отырып тренинг өткізді, сондай-ақ төтенше жағдайлар нәтижесінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша шеберлік сағаттарын өткізді. Рудный әлеуметтік-гуманитарлық колледжінің студенттері музыкалық жылыну, спорттық жарыстар мен квест ұйымдастырды.

Спорттық эко-жорық аяқталғаннан кейін “Үздік команда” номинациясымен “Кристал” тобы марапатталды. 8 толық қоқыс пакеттерін жинап “Ең үлкен қоқыс дорбасы” номинациясын Дархан Оразов, ал белсенділік танытып “Ең үздік жауынгер” номинациясын Степан Аблязов иеленді.

— Спорттық эко-жорық халық арасында, әсіресе жастар арасында экологиялық жауапты мінез-құлықты және табиғатқа ұқыпты қарауды дамытуға бағытталған. Қаланың игілігі үшін жұмыс істеу және әлеуметтік инфрақұрылымды қолдау жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру үшін зор маңызға ие, — деп атап өтті Жастар ресурстық орталығының басшысы Ақбілек Шохова.

#TazaQazaqstan #TazaQala

Гүлім МҰРАТ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *