Қазақстан Республикасында тіл саясаттың дамытудың 2023-2029 жылдарға арнаған тұжырымдамасы негізінде біздің кен қаламыз Рудныйда, жалпы Қостанай облысында ауқымды жұмыстар жүргізілуде.
Оның бір дәлелі ретінде мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру жолында атқарылып келе жатқан бірқатар іс-шаралар мен қазақ тілін ынта-ықыласпен үйреніп жүрген, қазақ тілінде сөйлеп жүрген өзге ұлт өкілдерінің саны жылдан-жылға артып келеді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттің тәуелсіздігін айқындайтын маңызды белгі. Ол – халықтың ұлттық бірегейлігінің, мәдениеті мен тарихының айнасы. Қазақстан Республикасында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие, бұл елдің дамуындағы, халықтың бірлігі мен ынтымағын нығайтудағы маңызды құрал. Жалпы ана тіліміз туралы сөз қозғағанда тебіренбей, толқымай тұра алмайсың. Ана тілін толық меңгерген ұрпақ қана шебер айтылатын ақылды, маңызды ойлармен түйіндеп, ұшқыр қиял, асқан даналықпен шыңдалған сөздерді айта алатынын естен шығармайық.
Халықтың тілі сонау тарих шекарасынан әлдеқайда әріректен басталатын, мына рухани тіршілікте еш уақытта солмайтын және өмір бойы қайталап шешек атып тұратын тамаша гүлі іспеттес дүние. Мына дөңгеленген дүниеде «жоқтың парқын, бардың нарқын» тек тіл ғана жеткізе алатынын ескерсек, оның құдіретті қару екенін ұмытпағанымыз абзал.
Мемлекеттік тілді дамытуда жастардың орны ерекше. Қазіргі заманның жастары – жаңа технологияларды меңгерген, бірнеше тілді білетін, білімді азаматтар. Сондықтан олар қазақ тілін заман талабына сай, озық деңгейде дамытудың қозғаушы күші болуы тиіс. Мұстафа Шоқай бабамыз «Балаға қай тілде білім берсең, ол сол ұлтқа қызмет етеді»,- дейді. Тілге деген құрмет – халыққа деген құрмет. Демек әрбір қазақстандық мемлекеттік тілді құрмет тұтып білуі тиіс. Тіл мәртебесі – ел мерейі. Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін үстем етіп, еліміздің мерейін көтерейік. Тілсіз халықтың, елдің өмір сүруі мүмкін емес. Әлем таныған ел болу үшін мемлекеттік тіліміздің жұлдызын биіктетуіміз керек. Бұл біздің басты парызымыз.
ТІЛЕУҒАБЫЛОВ
Жаңбыршы Тұқатұлы,
Ардагерлер мен Ақсақалдар кеңесі атынан