Тұмау маусымы өршіп тұр

Суық түскен уақытта біз тұмау мен ЖРВИ ауруларының асқынуың байқаймыз. Осы уақытта суық тиген адамдардың саны күрт көбейетіні мәлім. Биылғы кезеңде қарашадан қаңтарға дейін науқастардың саны 2170-ге жетті.

Ал өткен жылы ЖРВИ мен тұмаудың 997 жағдайы тіркелген және екі кезеңімен салыстырғанда биыл екі есе көп. Ересектер мен балаларда жедел респираторлық вирустық инфекция мен тұмаудың қалай байқалатыны, сондай-ақ неге өзін-өзі емдеуге болмайтындығы туралы қалалық емхананың әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшесінің меңгерушісі Татьяна Панина толықтай түсіндіріп берді.

Сонымен, тұмау дегеніміз не? Тұмау – бұл тыныс алу жүйесін зақымдайтын жедел вирустық ауру. Тұмау ЖРА – жедел респираторлы аурулардың, дәлірек айтсақ, ЖРВИ – жедел респираторлық вирустық инфекциялардың санатына кіреді. Оның ерекшелігі өзгергіштігімен сипатталады. Медицинада сипатталған тұмаудың үш түрі (А, В және С) кезектесуімен қатар, олар өз құрылымын өзгерте алады. Сондықтан жыл сайын індет кезінде біздің иммундық жүйе жаңа микроорганизмдермен кездеседі және бұл олармен күресуді қиындатады.

ЖРВИ мен тұмаудың ауыр жағдайлары қаламызда анықталған жоқ. Бастапқыда вирус өткір, дене қызуының жоғарылауымен, катаральды құбылыстармен (мұрынның ағуы, тамақтың бітелуі, бас пен бұлшықет ауруы, әлсіздік, жөтел) жүреді. ЖРВИ-ден тұмау аса ауыр асқынулармен сипатталады және негізінен жоғары дене қызуы, қатты бас ауруымен, жүрек-қантамыр жүйесінің зақымдалуымен жүреді. Алғашқы белгілерінде дереу дәрігерге жүгіну керек. Ал өзін-өзі емдеу-бұл дұрыс емес, одан тек денсаулық нашарлап кетуі мүмкін. Өйткені, аурудың қалай дамитыны түсініксіз. Өзін-өзі емдеу кезінде синусит, гайморит, пневмония, бронхит сияқты асқынулар болуы мүмкін, ал кім жүрек- қан тамырлары ауруларынан зардап шексе-миокардитке тап болуы да ықтимал. Өзін-өзі емдеу созылмалы аурулардың пайда болуына және өршуіне әкеледі. Егер ЖРВИ және тұмау белгілері пайда болса, дереу дәрігерге хабарласыңыз, ол емдеуді тағайындайды,- деді Татьяна Панина өз сөзінде.

ЖРВИ мен тұмау балаларды да айналып өтпеді. Қарашадан қаңтарға дейін науқастардың арасында 392 бала бар. Балалардың симптомдары ересектердікіне ұқсас. Жоғары температура, жөтел, тамақ ауруы, мұрыннан су ағу, бұлшықет, буын ауруынан ішектің бұзылуы да мүмкін. Бала вирусты жұқтырған сәттен бастап ауру белгілері екі-үш күн өткеннен кейін пайда болады. Ал қалпына келтіру кезеңі екі-үш аптаға созылады. Сондай-ақ, білікті маманның айтуынша жүкті әйел бірінші триместрде болған сәтте ауырған денсаулығына өте қауіпті.

– Эпидемиялық маусымның басынан бастап 26 жүкті әйелде ЖРВИ және тұмау ауруы тіркелді.. Егер әйел жүктіліктің бірінші триместрінде ауырса, онда: жүктіліктің өздігінен үзілуі, мерзімінен бұрын босану, плацентадағы қан айналымының жеткіліксіздігі, су тапшылығы, ұрықтың дамуының жатырішілік тежелуі сияқты асқынулар жиі кездеседі. Ауру кезінде жүкті әйелде асқазан-ішек жолдары мен эндокриндік жүйенің аурулары күшейеді. Ол кезде терапевт, гинеколог дәрігерлеріне барып, ультрадыбыстық зерттеуден өтуге және қан тапсыру керек,- дейді дәрігер.

Тұмауға қарсы егу науқаны да аяқталды. Ересек тұрғындардың 9500-не ресейлік «Гриппол» вакцинасы егілді. Бұл, Татьяна Панинаның пікірінше, ұжымдық иммунитетті қалыптастыру үшін жеткілікті. Ал балаларды қызылшаға қарсы қосымша иммундау жалғасуда. PDA (қызылшаға, паротитке, қызамыққа қарсы) тірі вакцинасы, Үндістанда өндірілген.

– Жоспарлы түрде бір жасқа дейінгі 859 бала, қосымша 126 бала ешқашан вакцина алмағандар егілді. Алты жасар 11098 бала және қосымша 2183 бала вакцинацияланды, 43-і егуден бас тартты. Балалар егуден жақсы өтті. Бесінші-алтыншы және 11-ші күндері мұрынның ағуы, шамалы жөтел сияқты өте сирек жанама әсерлері байқалады, – деді Татьяна Панина.

Қазіргі күні COVID ауруының өсуіне байланысты медицина саласының мамандары вакцина егуге және бетперде киюге шақырады. Бірақ әзірше қалалық емханада коронавирусқа тексеру жүргізбейді.

Сания САКТАГАН,

фотосурет түсірген: Алексей ФРОЛОВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *