Рудный қаласындағы кезекте тұрған азаматтарға арналған Сеченов көшесі, 1 мекенжайында орналасқан тұрғын үйдің қалған 25 пәтеріне қосымша өтінім қабылдау басталды, деп хаьарлайды қала әкімдігі. Бұл жоба әлеуметтік бағдарламалар аясында тұрғын үй алуға құқығы бар азаматтардың баспана жағдайын жақсартуға бағытталған.
— Жаңа үйде 45 пәтер қарастырылған, оның 23 пәтері келесі санаттағы азаматтарға бөлінеді:I және II топ мүгедектеріс, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, көпбалалы отбасылар, жетім балалар. Қалған 22 пәтер әкімдік кезегінде тұрған басқа азаматтарға үлестіріледі,- деп жазылған хабарламада.
Бүгінгі күні 20 адам өз кірісін сәтті растады және жаңа пәтерлерінің кілттерін алды.
Қалай өтінім беруге болады?
1. Жергілікті атқарушы органда (Әкімдікте) кезекте тұру қажет.
2. Отбасы банкінде депозитке ие болу керек (депозит ашу тегін).
• Соңғы 6 айдағы кірісті көрсету қажет.
3. Өтінімді “Баспана Маркет” порталы арқылы беру қажет.
Үміткерлерді іріктеу қалай жүргізіледі?
Іріктеу тіркеуге алынған күніне қарай жүзеге асырылады. Яғни, кезекке ертерек тұрған азаматтардың баспана алу мүмкіндігі жоғары.
Несие шарттары
Отбасы Банкі тұрғын үйді қолжетімді ету үшін ең тиімді несие шарттарын ұсынады:
• Арнайы есепке алынған мұқтаж азаматтар (СУСН) үшін несие мөлшерлемесі жылдық 2%.
• Басқа санаттағы азаматтар үшін несие мөлшерлемесі жылдық 5%.
• Бастапқы жарна — 10%.
• Несие мерзімі — 19 жылға дейін.
Бұл шарттар тұрғын үй нарығындағы ең төменгі мөлшерлемелердің бірі болып табылады, сондықтан баспананы кең аудиторияға қолжетімді етеді.
Қосымша ақпарат алу үшін байланыс: Рудный қаласы, Ленин көшесі, 93 “Отбасы Банк” филиалы.
Гүлім МҰРАТ