Абдрахманова Дильназ
Рудный қаласы,Қостанай облысы
№7 мектеп-гимназиясының
10 «А» сынып оқушысы
Қоғамдық өмірдің басқа да салалары секілді рухани азық, әдебиет әлемі өз алдына керемет дүние. Кейіпкер бейнесі, шығармада біте қайнасқан адамның тіршілік-әрекеті, болмысы, бейнелі сөз құдіреті арқылы сөз айшықтарымен бедерлеп оқырман жүрегіне жақын керемет өнер туындысы бұл -Бейімбет Жармағанбетұлы шығармаларынан көрініс табады.
Өзінің тамаша талантымен әдебиетіміздің төрінен ойып тұрып орын алған зерлі сөздің зергері- Бейімбет Майлин. Бейімбет атамыздай тума таланттың қалыптасуы үшін білімнің, өнердің қайнар бұлағы бола білген Тәттіғара жырау, алғаш мектеп ашқан Ыбырай ,ұлт ұстазы Ахмет, талантты жазушы Міржақыптың өскен ортасы мен дәстүрінен тағылым алған. Бұл жерде таланттар шоғырланған қасиетті өлке Тобыл-Тоғай өңірі қасиетті десе қасиетті-ау?!
Қазақтың маңдайға біткен ұлы тұлғаларынан халқымыздың оқып тауыса алмай келе жатқан даналық мектебін көремін.
Мен ізденіске толы оқушылық ғылыми зерттеу жұмысымда Міржақып Дулатұлының, Бейімбет Жармағанбетұлының шығармаларындағы ауқымды тақырыптардың өзектілігі, сөз айшықтарының қырларын ұсынған болатынмын. Жазушының шеберлігі, ортақ сипаттар, жазушы болып қалыптасуына ықпал еткен орта жайлы ізденістерім еді. Көркем сөз шеберінің өмірі өзімді қызықтырғандықтан етене танысу үшін әрі өз замандастарыма тарихтағы іздерінен бір көрініс табуын және беймәлім деректердің көзін табу болды Бұл мен зерттеуге алған тың дүниелер мен деректер. Жуырда ғана Қазақ әдебиеті газетінде жарық көрген Би-ағаның «Қарашаш» романы. Тек жазушылық жолда емес, ұстаздық қызметі, «Ауыл» газетіндегі редактор қызметі рухани бағытта өз қырынан танылған. Жүйрік журналист ретінде оқырманға таныла бастады. С.Сейфуллин оны редакцияға қызметке шақырады, кейіннен үзеңгілес досына айналды.
Гүлдендіріп жіберейік нұр беріп,
Жасыл шалғын тұрсын безеп түр беріп.
Танымасын,таңырқасын жат дұшпан,
Жарым жылда қарағанда бір келіп»-деп шаттанып жақсы жақтарына үн қосады.
Ой зергері Би аға бұрынғыдан да үздіксіз еңбек етеді. Б.Майлин туралы тамаша баға берген алыптар шоғырының бірі-С. Мұқанов: «Оның алдынан газет-журнадардың материалдары бұрқырапөтіп жататын.. Кеңседе ұзақ отырып, ол қарап үлгере алмаған материалдарын пәтеріне алып кетіп, ертеңіне ерте даяр қылып әкелетін. Ауыл өмірінен, әсіресе кедейлер тұрмысынан білетіні көп Бейімбет Орынборға келерден бұрын да бұл тақырыпқа көптеген шығарма жазған кісі. Келгеннен кейін тіпті лекітіп, өлеңдерді, фельетондарды ,әңгімелерді үсті-үстіне бұрқыратып төгіп жіберді. Ол өте шапшаң жазатын адам еді. Жазушылық,редакторлық жұмыстары керемет көп бола тұра ,Бейімбет баспаханаға да күніне әлденеше рет баруға ерібейтін » деп жазды. Би аға өзінің көзі тірісінде 1922-1937 жылдар ішінде 60-тай әңгімесі, 85-ке жуық өлеңі, 40 шамалы очеркі, 80-нен астам фельетоны, 300-ге тарта мақалалары жарияланған екен. Білген адамға бұл кейінгі ұрпаққа қалдырған қыруар қазына, мол мұра, Бірақ соның бәрі бүгінгі күнге жинақталмаған. М.Жолдыбаевпен бірге«Колхоз ауылы» оқу кітабын, өзінің «Күш» деген шала сауаттыларға арнап, оқулық шығарған. 1931 жылы І.Жансүгіров екеуі құрастырған «Календарь жинақ» , С.Сейфуллин,І Жансүгіров, Ә.Мәмбетовамен бірлесіп «Әдебиеттану оқу кітабын»жазса, өзі «Жаңаша оқы,жаз»деген кітапты дайындап шығарған. Өнер қуған жастарды қанатының астына алып, ақыл-кеңесін берген. Кейінгі толқын,алыптар шоғырының жарық жұлдызының шәкірттері:Е.Өмірзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Бадыров, Ш.Жиенқұлова сияқты әртістер болса, енді бірі аялы алақанынан жылу алып, биік белеске жеткен қазақ әдебиетіне жаңа өрнек әкелген таланттар шоғыры- Т.Жароков, Ә.Тәжібаев,Қ.Әбдіқадыров, А.Тоқмағанбетов, Х.Есенжанов, М.Хакімжанова, М.Қаратаев, Қ.Жұмалиев, Д.Әбілов, С.Ерубаев.т.б.Оның иамаша туындыларына сусындап жатырмыз. Бар ғұмырын халқына қызмет етуге арнаған.
Шынайы тарихтың шөкімдей түйірі де қастер тұтар сондайлық сирек зат»-деп ғұламаларымыз айтып кеткендей, Би-ағаның қызы Рәзияның өз қолтаңбасымен жазылған әкесі жайлы деректер. Ойының ұшқыр, нағыз талант, қаламының қарышты екенін көрсетеді.
Бейімбет Майлиннің керемет суреткер екендігі сондай-ақ шығармаларында адам тәрбиесінің маңыздылығы, адами құндылықтар, адамгершілік қасиет басым. Қай шығармасы болмасын үлгі өнеге түйінді шешім қабылдап, өзіндік ой қорытар мағыналы маржан сөздер, ұлағат емес пе? Шығармалары тамыры тереңге бойлаған аса терең мағыналы, даралық келбетін жақсы аңғартатын және көсемсөз шеберінің өзіндік қолтаңбасы айқын көрініс табады.
Қазақ әдебиеттің алыбы- Бейімбет Майлин есімінің Рудныйдағы №7 мектеп гимназиясына берілуі ұлттың рухани жасампаздыққа бет бұруы, жаңғыруының бір белгісі болып отыр.Би ағаның мол мұрасы қазақ әдебиетіне өлшеусіз үлес қосып, мәдениетіміз бен руханиятымыздың алтын қорын байытты.