Тәсілі қызу талқыланды

Тіл — ұлтымыздың қазынасы. Сол қазынамызды сақтап қалып, тарихымыздың жалғасын табатындай игі іс қалдыру – қазіргі уақытта тіл жанашырлары яғни қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің басты міндеті. Оның ішінде, әсіресе өзге тілді ұлт  өкілдерін оқытып жүрген ұстаздардың  міндеті өте күрделі және өзекті мәселе болып табылады. Сондай мәселелерді шешу үшін ұстаздар қауымына арнайы оқыту семинарлары қаламызда жиі өтіп тұрады. Жалпы ұстаздық жолда үйрете отырып, өзіміз өмірбойы білім алу керек екенін әр мұғалім түсінеді.

Қаламыздың Б.Майлин атындағы №7 мектеп-гимназиясы қабырғасында өткен «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің Қостанай облыстық филиалының «Мемлекеттік тілді оқытудың әдіс-тәсілдері» атты семинары туралы тілге тиек еткім келіп тұр. Бұл семинардың мақсаты мен міндеттері: қазақ тілін оқытудағы тілдік дағдылар, мен инновациялық стратеиялардың тиімділігі, оқыту үрдісінде мәтінмен жұмыс арқылы тілдік дағдыларды қалыптастыру, оқыту барысындағы цифрлық технологияларды қолданудың тиімділігі.

Құшақ жая қарсы алған мектеп директоры Қымбат Бірманова мұғалімдердің еңбек демалысына қарамай осы іс-шараға ат салысып отырғанына ризашылығын білдіріп, құттықтау сөзімен ашты. Мектеп оқушысы   семинарға ән арнап, келген ұстаздардың көңілін көтерді. Келесі сөз кезегінде «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы Заңғар Санай қатысушыларға кіріспе сөзін айтты және Қымбат Исламбекқызы психологиялық орта қалыптастырды. Сонымен қатар, Рудный қаласы әкімдігінің «Рудный қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы Жанат Мырзабаева атаулы іс-шараны өткізуге ат салысатын, яғни шебер сынып көрсететін тіл мамандарын таныстырып өтті. «Тілдарын» облыстық тілдерді оқыту орталығының әдіскері –Қырықпенова Г.Т.,Қостанай облысы әкімдігі ББ «Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік гуманитарлық колледжі» ҚМҚК қазақ тілі мен әдебиет пәні оқытушысы-Жұматаева З.Ж.,Қостанай облысы «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы, кафедра меңгерушісі -Жүсіпова Г.С.,Тобыл қаласы мектеп-гимназиясы педагогы — Көшбаева Ш.М.бастаған тіл мамандарының тіл үйретудегі әдіс-тәсілдері мен бөліскен тәжірибелері жоғарғы деңгейде өтті. Өзімізді бір уақыт оқушы сезініп, оқудың қиын тұстарын да сезіндік. Бірнеше әдіс-тәсілдерді  игеріп,  сол ортада практика жүзінде дамытып, іске асырдық. Кейбір әдістер біреулер үшін жаңалық болса ,арамызда сол әдістерді қолданып жүрген ұстаздар да табылып жатты. Айта кетсем, «Тарсия-маркер», «Шеңбердегі хат», «Мозайка құрастыру», «Суреттер сөйлейді», «Кроссенс» т.б.тәсілдерді қолданып жүрсек, оқушылардың қызығушылығын арттыруға бірден — бір себеп болары анық.

Семинар соңында тіл мамандарына ұстаздар тарапынан алғыс сөздер айтылды. Жас мамандар өз ұсыныстарын білдірді. Сертификат табысталды. Жалпы, тілге деген сүйіспеншілік өзімізден бастау алады.

Маржан ТАЖИНА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *