Құрметті рудныйлықтар!
Сіздерді Ұлттық мереке — ҚР Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
Бұл күн халқымыздың бостандығына, бірлігімен өркендеуіне деген ұмтылысты білдіреді. 16желтоқсан — бұл біздің ел үшін, оның жетістіктерімен бай тарихи мұрасы үшін мақтаныш сезімін білдіретін күн.
Бұл күні біз тәуелсіздігімізді қорғағандарды еске алып, Қазақстанның дамуына үлес қосқандардың барлығын құрметтейміз.
Сіздерге денсаулық, бақыт, амандық және Отанымыздың игілігі үшін жаңа жетістіктер тілейміз!
Қазақстан өркендей берсін, азаматтары бейбітшілікпен келісімде өмір сүрсін.
Рудный қалалық мәслихатының төрағасы Азамат Ысқақов,
Рудный қалалық мәслихатының депутаттары