Рудныйда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша профилактикалық шаралар жүргізілуде
Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – тұрмыстық өрттерді болдырмау, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау. Рудный қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының инженері Алихан Анафиннің айтуынша, жылыту маусымының басынан бастап өңірде екі өрт жағдайы тіркелген.
Статистикаға сәйкес, өрттердің негізгі бөлігі жеке тұрғын секторда орын алады. Мамандар қыста өрт шығу қаупінің артып, өрт қауіпсіздігі ережелерін елемеу қайғылы нәтижелерге әкелуі мүмкін екенін еске салады. Әсіресе, пешпен жылытылатын үйлерде. Бүгінгі таңда, маманның айтуынша, Рудный қаласының әлеуметтік жағынан осал топтары саналатын тұрғындардың барлығына, қатты отынмен жылытылатын үйлерде, көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылған.
– 2024 жылдың желтоқсан айында жергілікті атқарушы органдардың қаржысы есебінен 100 көмірқышқыл газын анықтайтын датчик сатып алынды. 2025 жылдың басынан бастап, әлеуметтік осал топтар үшін 11 датчик орнатылды. Өткен жылы 61 датчик орнатылды. Әлеуметтік осал топтар арасында күнделікті профилактикалық рейдтер жүргізіледі. Бұл топтарға көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, жетім балалар, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектер кіреді. Алғашқы және үшінші дачалық қауымдастықта тұрақты түрде тұратын 15 үйге көмірқышқыл газын анықтайтын датчиктер орнатылған, олардың арасында кезең-кезеңімен тексерулер жүргізілуде. Жылыту маусымы басталғалы бері жалғыз тұратын зейнеткерлерге 9 түтін шығару жүйесі тазартылды. Сондай-ақ, пештер мен электр жабдықтарын жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жылыту маусымы басталғалы екі өрт жағдайы тіркелді, олар есепке алынды. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Біріншісі электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан болса, екінші өрттің себебі жеке аумақта қалдықтарды жағу кезінде қойма өртке оранды, – деп атап өтті инженер.
Датчиктер бірнеше рет іске қосылды. Мысалы, бір жағдайда тұрғын шылым шегіп отырған кезде датчик іске қосылды, өйткені олар кез келген затқа, мейлі ол темекі немесе тұтатқан сіріңке болсын, сезімтал. Егер датчик іске қосылса, дереу «101» немесе «112» нөмірлеріне қоңырау шалу қажет.
Кейде тұрғындар өрт қауіпсіздігі ережелерін елемейді. Электр сымдарын уақытында тексермейді немесе пештің жанында жанғыш материалдар мен заттарды қалдырады, бұл өрттің шығуына себеп болуы мүмкін.
Электр құралдары жанып кеткен жағдайда, паникаға бой алдырмай, сабырлы болыңыз. Құрылғыны өшіріп, оны тығыз ылғал мата арқылы жабыңыз. Төтенше жағдайлар күн сайын орын алатын жағдайлар болып табылады және біз олардың ешқайсынан сақтандырылған емеспіз. Олар әдетте күтпеген жерден туындайды және адамнан жедел әрі белсенді әрекет жасауды талап етеді. Сондықтан әрдайым уақтылы әрекет етіп, қауіп-қатерлерді болдырмау үшін өрттен қорғану шараларын ұмытпаған жөн.
Рудный қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы күн сайын түрлі тәсілдермен тұрғындарды ақпараттандырып, өрттердің алдын алу мақсатында рейдтер жүргізеді. Есіңізде болсын, әрдайым алдын ала сақтық шараларын қабылдап, тексеру жасағаннан гөрі, оның салдарымен күрескеннен әлдеқайда тиімді.
Айжан БЕРІК,
суретті түсірген
Сұлтан СЕРТАЕВ