Төтенше жағдай басқармасы алаяқтардың жаңа амалдары туралы ескертеді

Рудный ТЖБ аға анықтаушысы, азаматтық қорғау капитаны Ринат Елеуов журналистермен кездесіп, соңғы кездері ұйымдардың қызметкерлерін және халықты өрт қауіпсіздігі шараларына үйрету және өрт қауіпсіздігі шараларына оқыту бойынша оқу бағдарламаларының мазмұнына қойылатын талаптарды ұсыну арқылы азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін атын жамылып алаяқтық фактілері жиілеп кеткенін толығырақ айтып берді. Жоғарыда аталған курстарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда алаяқтар жаза қолданылатынына сендіреді.

Мәселен 2015 жылғы 29 қазандағы ҚР Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тексерулер 2 түрге бөлінеді:

– өрт қауіпсіздігі саласындағы профилактикалық бақылау,

– жоспардан тыс тексерулер.

– Кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексерулер азаматтардың, басқа да мемлекеттік органдар мен қадағалау органдарының келіп түскен өтініштері негізінде адамдардың өмірі мен денсаулығына жаппай қатер төнген жағдайда жүзеге асырылады, сондай-ақ алдағы жоспардан тыс тексеру туралы ол жүргізілгенге дейін бір тәулік бұрын хабардар етіледі, – деп Ринат Елеуов атап өтті.

Айта кету керек, өрт қауіпсіздігі саласындағы алдағы профилактикалық бақылау және қадағалау жөніндегі хабарлама бақылау субъектісіне тексеру басталғанға дейін кемінде 30 күн бұрын тапсырылуы тиіс.

Тексерулердің барлық түрлері Бас прокуратура жанындағы статистика органдарында тіркелетін тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүзеге асырылады.

Естеріңізге сала кетейік, азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері әрқашан белгіленген нысандағы киім үлгісін киіп жүреді және өздерімен бірге ұсынуға міндетті қызметтік куәліктерін алып жүреді.

Егер ақшалай сыйақыға оқудан өту ұсынылса, онда сізге жеке меншік ұйымнан қоңырау соғылады және бұл ТЖ органдарына ешқандай қатысы жоқ.

Алаяқтық тәуекелдерін болдырмау мақсатында 101 немесе 112 нөміріне қоңырау шалыңыз. Мұндай жағдайларды бірлескен күш-жігермен жою қажет.

Еске салайық, пара беру мен оны алу ҚР Қылмыстық кодексімен жазаланады.

Жадыра ЕРТАЕВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *