ШАБАНДОЗДАР МЕКЕНІ

Рудныйда кезекті картинг-трек – «Туған қала» жобасының қолдауымен жүзеге асырылды. Өткен жылы балалар мен жасөспірімдердің дамуы мен шығармашылық сарайының артында салынған мекеменің жалпы ауданы шамамен 1200 шаршы метрді құрайды. Енді жас шабандоздар өз дағдыларын дамытып, қазіргі жағдайда жарыстарға қатыса алады.

Жаңа картинг-трекке 7-ден 18 жасқа дейінгі 60-қа жуық балалар мен жасөспірімдер қатысады. Жаттығу үшін 5 оқу трек жолы және шамамен 15 жарыс машинасы бар. Мансабын 1986 жылы жас техниктер станциясында бастаған тәжірибелі жаттықтырушы Валерий Субач жас шабандоздарды оқытуды жалғастыруда. 1997 жылдан бастап картинг секциясы балалар мен жасөспірімдердің даму және шығармашылық сарайында табысты жұмыс істейді, жас спортшыларға өз дағдыларын дамытуға және жоғары деңгейдегі жарыстарға қатысуға мүмкіндік береді.

 «Ескі жолда көлемі метрге метр плиткалар болатын. Уақыт өте келе, олардың арасындағы тігістер көтеріліп, плиткалар бір-бірінен алшақтай бастады, көліктеріміз жиі бұзылатын, сондықтан жүруге ыңғайсыз болды. Оған қоса, мұнда бассейн де болатын, кейін аумағында гүлзар жасалды, ол да кедергі туғыздыратын. Ал қазір теп-тегіс асфальт, ыңғайлы және әдемі. Қарсы қозғалыстарды бөлетін қоршау да салынды, енді жолдың конфигурациясын жиі өзгертіп, шеңбер бойымен кедергісіз жүре аламыз», — дейді Валерий Субач, картинг секциясының жетекшісі.

Толыққанды картинг алаңын құру идеясы 2022 жылы секция тәрбиеленушілерінің бірінің анасында пайда болды. Картинг алаңы 300-ден астам дауыс жинап, қатысушы жобалар арасында екінші орынға ие болды.

«Осы жобаны бұрыннан жасағымыз келетін. Бұл өте қиын болды, әрекеттер барысында көптеген проблемалар туындады, бірақ біз жеңдік. Бәріміз осы жобаға ризамыз. Мұндай тәлімгерлермен мұны істеу өте оңай болды. Өйткені, әрқашан байланыста болды, қолдау көрсетті», — деп атап өтті Виктория Юрьева, жоба авторы.

Пресс-тур бағдарламасында болған нысандардың қатарына Виталий Коновелько ұсынған 50 лет Октября 47, 51, 53 мекен жайы бойынша орналасқан шағын саябақ аймағын қайта жаңарту және П. Корчагин, 114 мекен жайының ауласында саябақ құру бойынша Дмитрий Чакунның екі жобасы және  жиырмасыншы шағын ауданында №8 балабақшаға барар жолда тротуарды жайластыру кіреді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *