ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі және «Отандастар қоры» КеАҚ бірлесіп шетелдегі Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін Қазақстанның жоғарғы оқу орындарына оқуға түсуге осы жылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптарды қабылдады.
Қазақстан жоғары оқу орындарына түсу үшін биылдан бастап жаңа жеңілдетілген талаптар қабылданды.
Біріншіден, Қазақстан азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін ҰБТ тапсырған кезде шекті балл болмайды.
Екіншіден, бес емтиханның орнына үш емтихан тапсырады (оқу сауаттылығы және таңдаған бағыт бойынша екі бейіндік пән).
Үшіншіден, төрт жоғары оқу орнын және білім беру бағдарламасын таңдауға мүмкіндік сақталып қалды.
Төртіншіден, қазақ тілін толық меңгермеген азаматтарға орыс тілінде тапсыру мүмкіндігі сақталады.