«Жылу желілері» ЖШС тұрғындарды алдағы қолайсыздықтар туралы ескертті. Рудный қаласында 2025 жылғы 16 мамырдан бастап бірқатар тұрғын үйлерде ыстық су уақытша тоқтатылады. Бұл жөнінде «Жылу желілері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ресми хабарлама таратты.
Кәсіпорынның мәліметінше, шектеу шаралары 4-ықшамаудан аумағында орналасқан жылу желілеріне күрделі жөндеу жүргізумен байланысты. Жөндеу жұмыстары алдағы жылыту маусымында тұтынушыларды үздіксіз және сенімді жылумен қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отыр.
Ыстық су беру тоқтатылатын мекенжайлар:
Сандригайло көшесі: 2, 4, 6, 8, 10, 12, 14, 16, 18, 20, 22, 24, 26, 28, 30, 32, 34, 36, 38, 40, 42, 44, 48, 50, 52, 54
50 лет Октября көшесі: 71, 73, 75, 77, 79, 81, 83, 85, 87, 89
Тургенев көшесі: 11, 13
Орджоникидзе көшесі: 67-ден 136-ға дейінгі аралықтағы үйлер
Чекмарёв көшесі: 1-ден 47-ге дейінгі үйлер
Алтынсарин көшесі: 36-дан 171-ге дейінгі барлық үйлер
Жекеменшік сектор: ч/с-20, ч/с-21, ч/с-22, ч/с-77, ч/с-4, ч/с-39
Күрделі жөндеу жұмыстарының нақты ұзақтығы көрсетілмеген. Дегенмен, «Жылу желілері» ЖШС барлық қажетті шаралар уақтылы аяқталып, ыстық су қайта қосылатынын атап өтті. Қосымша ақпараттар серіктестіктің ресми арналарында жарияланатын болады.
Кәсіпорын қала тұрғындарынан түсіністік танытуды сұрайды және уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім білдіреді.