Электрскутерлерді мопедтермен бірдей тіркеу керек пе? ІІМ жауабы

Мопедтерді міндетті тіркеу енгізілгеннен кейін Алматыдағы курьерлер электрскутер, электрбайк, электрмопедтер мен электрвелосипедтерге ауысты. Оларды қолдану қалай реттеледі және жаяу жүргіншілер жолымен жүруіне бола ма деген сұрақтарға Tengri Auto жауап іздеді.

Электр көлік құралдары бүгінде өте танымал бола бастады: бағасы қолжетімді әрі сатып алу қиын емес. Алайда оларды тамақ жеткізушілер де, кәмелетке толмаған жасөспірімдер мен балалар да теуіп жүр.

Olx.kz сайтынан

Электрбайктарға тіркеу мен жүргізуші куәлігі қажет пе?

ІІМ мәліметінше, электрбайктар, скутерлер және басқа да ұқсас көліктер мопедтерге теңестірілген. Сондықтан оларды міндетті түрде тіркеу керек.

«Заң бойынша, мопед — бұл іштен жанатын қозғалтқышы бар (көлемі 50 текше сантиметрден аспайтын) немесе электр қозғалтқышы орнатылған, ең жоғары жылдамдығы 50 шақырым/сағ аспайтын екі немесе үш дөңгелекті көлік құралы.

Мокик, скутерлер және осыған ұқсас басқа да механикалық көліктер мопедтерге теңестіріледі. Сондықтан олар тіркелуге жатады және оларды басқару үшін А, А1 немесе В санатындағы жүргізуші куәлігі қажет», – деп хабарлады ІІМ Tengri Auto редакциясының ресми сауалына жауап бере отырып.

Электрбайктарға жаяу жүргіншілер жолында жүруге бола ма?

Заңға сәйкес, мопедтер механикалық көлік құралдарына теңестірілгендіктен, олардың жаяу жүргіншілер жолында қозғалуына тыйым салынған. Бұл шектеу электрскутер, электробайк және электрмопедтерге де қолданылады.

«Сонымен қатар, қозғалтқышы бар велосипедтерге қатысты да заңда арнайы тыйым бар. Заңның 57-бабына сәйкес, қозғалтқышы бар велосипедтердің жаяу жүргіншілер жолында жүруіне рұқсат етілмейді», – деп толықтырды ІІМ өкілдері.

Мопедтер мен қозғалтқышы бар велосипедтердің қозғалыс тәртібі

Заңда мопедтер мен қозғалтқышы бар велосипедтердің қозғалыс тәртібі нақты белгіленген.

Мысалы, мопед жүргізушісіне келесідей әрекеттерге тыйым салынады:

  • қолымен ұстамай көлікті басқару;
  • мопедпен бір дөңгелекте жүру немесе немесе осы көлікті басқаруға арналған аумақтан тыс жерде тұруға;
  • мопедпен немесе оған арнайы тіркелген құрылғыда көліктің өлшемдерінен 50 сантиметрден аса шығып тұратын немесе басқаруға кедергі келтіретін жүк тасу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *