«ЭПК Atica» ЖШС басшылығы атқарылған жұмыс және болашақ жоспарлары туралы есеп берді
Жуырда Қостанай облысы бойынша Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің департаменті табиғи монополиялар субъектілерінің объектілері бойынша пресс-тур ұйымдастырды.
Іс-шара аясында БАҚ өкілдеріне, қалалық мәслихат депутаттарына және тұтынушыларға «ЭПК Atica» ЖШС объектілері көрсетілді, 2023 жылғы инвестициялық бағдарламаның нәтижелері мен ағымдағы жылдың аралық нәтижелері талқыланды. Өткен жылы қаланың энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған инвестициялық бағдарлама сәтті жүзеге асырылды. 2023 жылға жоспарланған барлық негізгі іс-шаралар белгіленген мерзімде орындалды.
Модернизацияның негізгі мәселелері туралы «ЭПК Atica» ЖШС өндірістік мәселелер жөніндегі директордың орынбасары Алексей Аносов айтып берді:
– 2023 жылға бекітіліп, толық көлемде орындалған іс-шаралар мыналарды қамтиды: ВЛ-0,4 кВ реконструкциясы – электр энергиясын есепке алу шкафтарын орнату (АСКУЭ есептегіштері мен голый сымды СИП сымына ауыстыру), оның ішінде 330 электр энергиясын есепке алу шкафтары, СИП сымын орнату – 14 шақырым 120 метр. «Восточная» қосалқы станциясында жабдықты модернизациялау жүргізілді. Мұнда төрт майлы ажыратқыштарды вакуумды ажыратқыштарға ауыстыру және трансформаторлық қосалқы станциялардың жабдықтарын модернизациялау жүзеге асырылды. Физикалық және моральдық тұрғыдан ескірген трансформаторлар жаңа, заманауи трансформаторларға ауыстырылды. Жалпы, іс-шаралар 261 миллион 490 мың теңге сомасында орындалды. Іс-шаралар өз қаражатымыз есебінен жүзеге асырылды, оның ішінде амортизациялық аударымдардан 101 миллион 303 мың теңге, ал пайдадан 160 миллион 188 мың теңге – деді Аносов.
Табиғи монополияларды реттеу және бағалар жөніндегі департаменттің басшысы Назым Бақытжанқызы 2023 жылға арналған инвестициялық бағдарламалардың сәтті іске асырылуын атап өтті. Жиыннан кейін қатысушылар объектілерге барып, өзгерістермен танысты. Алдымен «Восточная» қосалқы станциясы болды, онда ағымдағы жылдың соңына дейін сегіз майлы ажыратқышты вакуумды жабдықтарға ауыстыру жоспарлануда. Бұл іс-шара 2024 жылдың екінші жартыжылдығына жоспарланған және оның құны 126 миллион 214 мың теңге. Майлы ажыратқыштарды вакуумды жабдықтарға ауыстыру нәтижесінде қосалқы станциялардың энергетикалық жабдықтарының сенімділігі артады.
Өткен жылы көше жарықтандыру бағаналарында және жеке сектор үйлерінің фасадтарында есептегіштерді орнату бойынша жұмыстар жалғастырылды. Бұл бағдарлама аясындағы іс-шараларды жүзеге асыру келесі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді: индукциялық электр энергиясы есептегіштерін АСКУЭ есептегіштеріне ауыстыру, олардың дәлдік сыныбы жоғары, бұл электр энергиясын есепке алуды айтарлықтай жақсартады. Бұл құралдар мәліметтерді қашықтан беру мүмкіндігін береді, бұл ақпарат жинау және өңдеу шығындарын азайтады. Есептегіштерде тарифтік кестелерді орнатуға және есепті белгіленген уақыт аралықтарына сәйкес реттеуге болады. Электр энергиясын ұрлау жағдайлары жойылады, сондай-ақ төлемеген тұтынушыларды қашықтан өшіру мүмкіндігі бар.
2024 жылға жоспарлан жобаның бірінші жартыжылдықта 71 миллион 417 мың теңгесі игерілді. 149 АСКУЭ есептегіші орнатылды, 8 шақырым СИП сымын монтаждау жүргізілді. ТП және ПС жабдықтарын модернизациялау бойынша 2024 жылдың екінші жартыжылдығына бір майлы ажыратқышты вакуумды ажыратқышқа ауыстыру және төрт трансформаторды ауыстыру жоспарланған, оның құны сәйкесінше 60 миллион 238 мың теңге және 61 миллион 753 мың теңге. Бірінші жартыжылдықта жалпы сомасы 71 миллион 417 мың теңге болатын іс-шаралар орындалды.
2024 жылғы 1 қыркүйекке дейін инвестициялық бағдарлама аясында 269 АСКУЭ есептегіші орнатылды, ВЛ-0,4 кВ желілеріндегі 12,1 км сым СИП сымына ауыстырылды, сондай-ақ ТП-8-1-де екі трансформатор орнатылған. 2024 жылдың 8 айында жалпы сомасы 146 миллион 400 мың теңге қаражат игерілді.
Жәнібек ҚАЛАБАЕВ,
суретті түсірген
Алексей ФРОЛОВ