Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 3 триллион 436,4 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленген, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 1 триллион 81,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 2 триллион 354,5 миллиард теңге қарастырылғаны айтылды.

2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, зейнеткерлер саны – 2 миллион 428 мың адам.

«2024 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 131 556 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 88 967 теңге, базалық зейнетақы – 42 589 теңге», — делінген хабарламада.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *