Қазақстанда автобустардың жол апаты 56%-ға өсті. Өткен жылы Қазақстанда қоғамдық көліктердегі апаттардың санын азайту үшін бірнеше шара қолға алынды. Алайда, бұған қарамастан жол апаты саны артып келеді.
ҚР ІІМ ақпараты бойынша, 2024 жылы елімізде автобуспен болған апаттардан 25 адам қаза тауып, 445 адам жарақат алды.
Биылғы жылы елді мекендердегі автобустардың рұқсат етілген қозғалыс жылдамдығын сағатына 50 км-ге дейін төмендету негізінде жол апаты санын азайту туралы шешім қабылданды. Бірақ кадр тапшылығына байланысты Үкімет автобус жүргізушілеріне қойылатын талаптарды азайту туралы Жарлыққа қол қоюға мәжбүр болды.
«Талдау нәтижелері бойынша, республика көлемінде автобустардың соқтығысуымен болған жол-көлік оқиғалары 56% — ға артқаны байқалады», — деп хабарлады ҚР ІІМ.
ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова жол жүргіншінің бәрін жол ережесін сақтауға шақырды.