Қазақстанда алдағы күндері ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» 11, 12 және 13 ақпан күндері Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алдағы күндері оңтүстік өңірлер оңтүстік циклонының ықпалында болады, осыған байланысты қар, боран, күндіз оңтүстікте және оңтүстік-шығыста аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Қазақстан бойынша желдің күшеюі, тұман болжанады.

Қазақстан бойынша ауа температурасы:

  • Батыс өңірлерде: түнде -5…-13°С, күндіз -6…+1°С; Оңтүстік-батыста: түнде -1…-9°С, күндіз -3…+2°С;
  • Солтүстік-батыста: түнгі температура -10…-18°С-тан -7…-16°С-қа дейін көтеріледі, күндіз -3…-10°С шамасында;
  • Солтүстікте: түнде -7…-20°С-тан -10…-22°С-қа дейін, күндіз -2…-8°С-тан -5…-11°С-қа дейін төмендейді;
  • Орталық және шығыс өңірлерде: түнгі температура -10…-23°С-тан -7…-18°С-қа дейін көтеріледі;
  • Оңтүстікте: түнде -5…-13°С-тан 0…-10°С-қа дейін, күндіз -5…+5°С-тан -1…+7°С-қа дейін көтеріледі;
  • Оңтүстік-шығыста: түнде -5…-25°С-тан -3…-20°С-қа дейін, күндіз -5…+5°С шамасында. Таулы аймақтарда: -6…-11°С күтіледі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *