1 мамырдан бастап ҚР СТ 1412-2017 «Жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдары» ұлттық стандартына өзгерістер мен толықтырулары қолданысқа енеді.
«ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен ҚР СИМ ТРМК Қазақстан стандарттау және метрология институты әзірлеген осы өзгерістер жолдардағы қауіпсіздікті арттыруға және жол қозғалысының барлық қатысушыларына қолайлылықты қамтамасыз етуге бағытталған», — делінген хабарламада.