Қазақстанда демалыс күндері ауа райы қандай болады

Синоптиктер 20-22 қаңтар күндері елімізде қандай ауа райы болатынын айтты. Кей өңір тұрғындарына аяз болатыны ескертілді, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ 

Болжамға қарағанда, алдағы күндері Шығыс Еуропадан циклон Сібір антициклонын ығыстырады. Ол бастапқыда республиканың батыс бөлігіне әсер етеді, бұл өңірлерде қар жауып, боран тұрады. Ал солтүстікте, шығыста, оңтүстік пен орталықта апта аяғында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Қазақстанның оңтүстік-шығысында Иран жақтан келетін жылы ауа массалаларымен тұрақсыз ауа райы болады: қар жауады, кей жерде қалың қар жауып, боран тұрады.

Ауа температурасы:

  • түнде елдің батысында -7…-15 градусқа дейін төмендейді;
  • солтүстік-батысы мен солтүстікте, орталықта -15…-23 градусқа дейін төмендейді;
  • оңтүстікте -5…-13 градусқа дейін жоғарылайды;
  • шығыста -22…-31 градусқа дейін төмендейді;
  • оңтүстік-шығыста -13…-22 градусқа дейін төмендейді.

Қостанай облысына келсек, синоптиктер қаңтардың 20-сы ауа райы негізінен бұлтты және суық болады деп болжайды. Ауа температурасы күндіз -16—10°, түнде -21—17° болады. Желдің орташа жылдамдығы 6 м/с, екпіні 10 м/с дейін жетеді. Болжам бойынша Қаңтар 20 жауын-шашын аз болады.

Ал қаңтардың 21-і ауа-райы бұлыңғыр және суық. Күндіз -11—9°, түнде -12° шамасында болады деп күтеміз. Желдің орташа жылдамдығы 8 м/с, екпіні 13 м/с. Ауа-райы негізінен құрғақ.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *