Қазақстанда зейнетақының орташа мөлшері қысқарды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақыны атады, деп хабарлайдыTengrinews.kz тілшісі.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдың 7 айында қазақстандықтарға 1,7 триллион теңгеден астам сомаға зейнетақы төленген. 2022 жылғы шілдеде республикалық бюджеттен зейнетақы төлемдеріне 243,3 миллиард теңге, оның ішінде базалық зейнетақыны төлеуге – 73,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақыны төлеуге – 169,4 миллиард теңге жұмсалды.

«2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны 2 миллион 247 мың адамды құрайды. 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері (базалық зейнетақы төлемін ескере отырып) 109 156 теңгені құрады», – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, шілде айында базалық зейнетақы төлемін есепке алғанда зейнетақы төлемдерінің орташа мөлшері 117 469 теңгені құрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *