Қазақстанда көпбалалы отбасылар саны қанша екені белгілі болды

Жуырда Қазақстанда көпбалалы отбасы Култышевтар жанұясында 19-ыншы сәби дүниеге келді. Қазақстанда ең көпбалалы отбасылар саны қанша?

  • Оннан аса баласы бар қанша отбасы тіркелген?

Ұлттық статистика бюросының ресми жауабына сүйенсек, Қазақстанда 10 және одан да көп балалары бар 163 отбасы тіркелген. Бұл — 2021 жылғы Ұлттық санақ қорытындысына негізделген ақпарат.

Статистикаға сүйенсек, көпбалалы отбасылардың дені Шымкент қаласында тұрады. Мұнда 59 отбасы көпбалалылар (10 және одан көп балалары бар) санатына жатады. Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстары да бұл көрсеткіш бойынша бестікке кіреді.

  • Ең көпбалалы отбасында және ең көп бала асырап алған отбасында қанша бала бар?

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, көпбалалы отбасыларға берілетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алатын ең көп баласы бар отбасы — Солтүстік Қазақстан облысында тұратын Култышевтар.

«Бұл отбасы бүгінгі күні 19 бала тәрбиелеп өсіріп отыр», — деп жазылған жауапта.

Ал Ақтөбе және Қостанай облыстарында 16 және 34 баланы қамқоршылыққа алған (асырап алған) отбасылар бар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *