«Қазақстан Республикасы аумағынан мұнай өнімдерін әкетудің кейбір мәселелері туралы» бірлескен бұйрық «Ашық НҚА» сайтында пайда болды
«Қазақстан аумағынан, оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге автомобиль көлігімен бензиндерді, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін», — делінген құжатта.
Айта кетейік, бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, жария талқылау 2024 жылғы 19 тамызға дейін жалғасады.