Денсаулық сақтау министрлігі ҚР-да стационарлық жағдайда медициналық көмек көрсету стандартына өзгерістер мен толықтырулар дайындады
Атап айтқанда, аурулардың тізімі ауруханаға жатқызуды қажет ететін диагноздармен толықтырылды.
- Бас сүйек пен бет сүйектері сынуының салдары
- Бас сүйекішілік жарақат салдары
- Бастың басқа анықталған жарақаттарының салдары
- Мойын мен дененің үстіртін жарақаты мен ашық жарасының салдарлары
- Омыртқа бағаны сынуының салдары
- Кеуде торы мен жамбастың басқа сынуларының салдары
- Жұлын жарақатының салдары
- Қолдың ашық жарақатының салдары
- Білезік пен қол ұшынан басқа, қол сынуының салдары
- Білезік пен қол ұшы деңгейіндегі сынудың салдары
- Қолдың шығуы, созылуы мен пішіні өзгеруінің салдары
- Қол нервісі жарақатының салдары
- Қол бұлшық еті мен сіңірі жарақатының салдары
- Қолдың басқа анықталған жарақаттарының салдары
- Аяқтың ашық жарасының салдары
- Сан сынуының салдары
- Аяқтың басқа сынуларының салдары
- Аяқтың шығуы, созылуы мен пішіні өзгеруінің салдары
- Аяқ бұлшық еті мен сіңірі жарақатының салдары
- Аяқтың мылжалануы мен жарақаттық ампутациясының салдары
- Аяқтың басқа анықталған жарақаттарының салдары
- Дененің бірнеше аймағын қамтитын және орналасуы анықталмаған жарақаттардың салдарлары
- Дененің бірнеше аймағын қамтитын жарақаттардың салдарлары
- Жарақаттың бірқатар ерте асқынуларының салдарлары
- Сыртылдақ саусақ
- Бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігі 1-дәреже
- Шизотипті бұзылу
- Тұлғаның аралас және басқа бұзылулары
- Мінез-құлық пен сезім билеудің аралас анықталмаған бұзылуы
- Қалыпты қысымды гидроцефалия
- Басқа айдарларда жіктелген жұқпалы және паразиттік аурулар (A00-B99†) барысындағы гидроцефалия
- Өспелік аурулар кезіндегі гидроцефалия (C00-D48†)
- Басқа айдарларда жіктелген басқа аурулар барысындағы гидроцефалия
- Орталық нерв жүйесінің анықталмаған басқа бұзылулары
- Басқа айдарларда жіктелген басқа аурулар барысындағы хориоретиналдық бұзылулар
- Диабеттік ретинопатия (E10-E14†)
- Шыны тәрізді денеге кристаллдық заттар жиналуы
- Өкпеқаптың басқа айдарларда жіктелген жағдайлар барысындағы жалқығы
- Өкпенің ревматоидты ауруы (J99.0*)
- Басқа ағзалар мен жүйелерді қамтыған ревматоидты артрит
- Басқа ағзалар немесе жүйелер зақымдануы қабаттасқан жүйелі қызыл жегі
- Мойын бөлімінің омыртқа аралық дискісінің жұлын дерті қабаттасқан зақымдануы(G99.2*)
- Бел және басқа бөлімдердің омыртқа аралық дискілерінің жұлын дерті қабаттасқан зақымдануы (G99.2*)
- Басқа қалыпты жүктілік ағымын бақылау
Аталған диагноздары бар пациенттер тәулік бойы бақылауда болатындығы атап өтілді.
Құжат 22 қарашаға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.