Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттері 20 пайызға қымбаттайды

Стандарт вагондардың құны 6 300 теңгеден 7 500 теңгеге көтеріледі.

Қазақстанда 1 қазаннан бастап пойыз билеттері қымбаттайды. Бұл туралы Qazaqstan телеарнасындағы хабарда айтылды.
Қазір елімізде 140 бағыт бойынша қатынайтын пойыз бар. Келесі айда соның 62-сінің тарифі өседі.
Стандарт вагондардың құны 6 300 теңгеден 7 500 теңгеге көтеріледі. Ал тальго пойызына жолаушы билеттері 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге қымбаттайды.

Qazaqstan арнасының мәліметінше, Үкімет тарифті өсіру арқылы теміржол паркін жаңартуды көздеп отыр. Себебі 2 600-ден астам вагонның 44 пайызы әбден тозған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *