Қазақстанда 2025 жылдан бастап көшпелі хайуанаттар бағы мен көшпелі цирктерге тыйым салынады

Үкіметте өткен брифингте экология министрлігінің басшысы Ерлан Нысанбаев Қазақстанда 2025 жылдан бастап көшпелі хайуанаттар бағы мен көшпелі цирктерге тыйым салынатынын еске салды.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы заңнамада жабайы жануарлар көрмесіне, көшпелі хайуанаттар бағын құруға, океанариумға және т.б. тыйым салатын норма қарастырылған. Бұл норма 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді. Сондықтан көшпелі цирктер мен хайуанаттар бағының қызметі тоқтатылады», — деді министр Ерлан Нысанбаев.

Министр елімізде әзірге «стационарлық» цирктер жұмысын жалғастыратынын, алайда көшпелі цирктерге тыйым салу тек бірінші қадам екенін ескертті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *