Еңбек министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға квота белгілеу туралы» бұйрық дайындады
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға 2025 жылға арналған квота жұмыс күшінің санына қатысты келесі пайыздық мөлшерде:
- жергілікті атқарушы орган жұмыс берушілерге беретін рұқсаттар бойынша 0,2% мөлшерінде;
- еңбекші көшіп келушілерді тартуға 3% мөлшерінде белгіленсін.
Құжат 3 желтоқсанға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.
2024 жылы жалпы квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 0,23% немесе 22 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.
Үй шаруашылықтарында жұмыс істеу үшін еңбекші көшіп келушілерді тартуға Квота республикадағы жұмыс күшінің санына қатысты 3,1% немесе 271,3 мың бірлік мөлшерінде белгіленді.