Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Нұрғис Әділетұлы Манамада (Бахрейн) өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz.
Зілтемірші 96 келіге дейінгі салмақта алтын медальді жеңіп алды.
Нұрғиса 388 (174+214) келіні бағындырды. Бұл нәтиже әлем чемпионатын бірінші орынмен аяқтауға жеткілікті болды.
Реваз Давитадзе (Грузия) күміс жүлдені жеңіп алды — 387 (177+210) келі. Үздік үштікті 387 (173+214) келімен ирандық Али Алипур түйіндеді.