Қазақстан аумағында 10 970 электромобиль тіркелген.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және электрмобильдерге арналған инфрақұрылымды дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңына сәйкес, электромобильдерге арналған орындарда тоқтау немесе тұру ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. Сондықтан басқа көлік жүргізушілеріне көрсетілген орындарға қоймау ескертіледі.
Одан бөлек, электромобиль жүргізушілеріне коммуналдық ақылы автотұрақтарда тегін тұру үшін жеңілдік көзделген (автотұрақтар, паркингтер).