Алаштың Нәзір Төреқұлұлы деген айбоз азаматы болған. Алаш көсемдерінен бата алған азамат еді!
Нәзір Төреқұлұлы – қазақтан шыққан тұңғыш дипломат, Елші. Лингвист-ғалым, аудармашы, көсемсөзші. Ірі мемлекет және саяси қайраткер.
Сауд Арабия мемлекетінде Елші болған жылдары СССР екеуінің арасын жақсартты. Суреттегі түріне қараңызшы қандай дегдар! Корольдің жанында алшаң басып емін-еркін жүрген қазақ азаматы.
Нәзір аға – 6 тілді еркін білген (Ана тілінің сыртында орыс, түрік, араб, парсы, ағылшын). Полиглот. Энциклопедиялық өрісі кең, білігі мол ғалым. Түркістан республикасының Президенті ретінде де тарихи оқиға болып қалған зор істерге қолтаңбасын қалдырған-ды.
Нәзірді көре алмаған, оның күннен-күнге өскен беделін, абыройын қызғанған Сталин маңайындағы можантопай топ оны «Күнкөсемге» күстаналап, ақыры Елшіні Мәскеуге алдырып, түрмеге жапқан-ды.
Қазағын шын сүйген, ұлт көсемі Әлихан Бөкейханға туған әкесіндей қарап, оның қарамағында жүріп, тапсырмасын адал орындаған Төреқұлұлы да зұлмат репрессияның құрбаны болып, ату жазасына кесілген.
Елдос ТОҚТАРБАЙ