Қала тұрғындарымен бірыңғай қабылдау күнін өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елдің өтініш-тілектерін тиімді қарастыратын «Халық
үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруда қала басшысының кезекті тұрғындарды қабылдау күні өтті.

Әкім орынбасарлары, атқарушы, құқық қорғау органының басшылары қарапайым халықтың көкейінде жүрген көп мәселесіне қатысты туындаған сауалдарға жауап берді.

Қабылдауда мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу кезегіндегі тұрғындардың бірі жалдау шарты бойынша тұрғын үй беру мәселесі қозғады. ҚР «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 74-бабына сәйкес коммуналдық меншіктегі тұрғын үй кезектілік тәртібімен берілетіндігі түсіндірілді. Өйткені, кезектен тыс тұрғын үй беру кезекте тұрған, мемлекеттік тұрғын үй алуға мұқтаж деп танылған адамдардың құқықтарына қысым жасауға әкеп соғады. Тұрғын үй кезегі, жер телімін заңдастыру секілді мәселелердің тек заң аясында және кезегімен шешілетіні тұрғындарға түсіндіріліп өтті.

Коммуналдық мәселелер бойынша келіп түскен өтінішердің бірі — Мир көшесі, 3 мекенжайындағы шатырды жөндеу мәселесі. Қазіргі уақытта жабынның техникалық қызмет көрсету мерзімі асып, күрделі жөндеуді қажет етеді.

ҚР Азаматтық кодексінің 189-бабына сәйкес меншікті ұстау, шатыр жөндеу жұмыстар ортақ мүлік болып табылғандықтан, оны жөндеу меншік иелеріне жүктелетіндігі айтылды. Аталған мәселені шешу мақсатында тұрғындарға күрделі жөндеуге қаражат жинау қажеттілігі туралы мәселені түсіндіру жұмыстары жүргізеледі. Мәселені шешу үшін меншік иелері 10 күн ішінде ортақ келісімге келіп, мердігерді таңдау, нысаналы жарналарды жинау және т.б. сұрақтарды шешетін болады. Меншік иелері жалпы үй меншігін, оның ішінде шатыр жабынын толық (күрделі) ауыстыруға байланысты барлық шығыстарға өз бетінше қатысуға міндетті екендігі түсірілді.

Сонымен қатар, тұрғындар 28 шағын ауданды газдандыру, жолдарды асфальттау және жарықтандыру мәселелері бойынша жүгінді. Барлық сұрақтарға заң шеңберінде, тиісті сала мамандарының талқылауымен, жан-жақты шешім жолдары қаралды. Хаттамаға енгізілгендердің кейбірі шешімін бірден тауып жатса, кейбірі ұзақ мерзімді қажет етуде.

 

 Рудный қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *