Қала әкімі Виктор Ионенконың Металлургтер күнімен құттықтауы

Құрметті металлургия саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – металлургтер күнімен құттықтаймын!

Қазақстандағы металлург күні республика президентінің жарлығымен 2003 жылы бекітілді. Тарихи дәстүрлерді сақтай отырып, Қазақстан шілде айының әрбір үшінші жексенбісін металлургтердің кәсіби мерекесін тойлау күні ретінде сақтап қалды.

Металлург күні-біздің қаламыз үшін ең маңызды мерекелердің бірі, оның қалыптасу және даму тарихы металлургия саласымен тығыз байланысты. Сондықтан алдағы мерекені біз ортақ мереке деп санаймыз.      Металлургия отандық экономиканың флагмандарының бірі, Қазақстанның өнеркәсіптік әлеуетінің тұрақты дамуын қамтамасыз ететін сала болды және болып қала береді. Бұл күні біз металлургтердің елдің дамуына, ел өмірінің жақсы жаққа өзгеруіне қосқан зор үлесін атап өтеміз.

Металлург мамандығы қашанда қайратты, еңбекқор, табанды адамдардың еңбегі болған және солай болып қала береді. Тек осындай адамдар металды бағындыра алады. Жұмысшы-металлургтердің шеберлігі, жауапкершілігі шын жүректен танылуға, құрметке және терең ризашылыққа лайық. Сіздердің әрқайсыларыңыз еліміздің және қаламыздың игілігі үшін еңбек етесіздер.

Біз сіздердің еңбектеріңізді мойындаймыз және бағалаймыз! Шын жүректен сіздерге ең батыл идеяларды іске асыруда сәттілік, зор денсаулық, бақыт пен амандық, ал қазақстандық металлургияға – экономикалық өрлеу мен қаржылық өркендеу тілеймін!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *