Өткен жылдың желтоқсан айының соңында пайдалануға берілген 39 шағын аудандағы несие үйіне тұрғындардың алдағы қоныстануы талқыланды
Тұрғын үй кезегінде банктің 5 мыңнан астам салымшысы тұр. «Отбасы банк» өкілдерінің ақпараты бойынша 27 адам өтініш берген. Қоныстандыру осы жылдың мамыр айының басында өтеді. Рудный үшін бұл оқиға «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша «Отбасы банкпен» бірлескен жұмыстың алғашқы тәжірибесі болады.
Сондай-ақ, жақын арада кезекте тұрғандарды жалға берілетін үйге қоныстандыру жүргізіледі.
Биыл 39 кварталда 6 тұрғын үйдің құрылысы, 19 шағын ауданда 3 үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу жоспарлануда.