ҚМА кинологтары қызметтік-іздестіру иттерін пайдалана отырып, салмағы 17 келіге жуық есірткінің заңсыз айналымының 33 фактісін анықтады

ҚМА Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер қоғамдағы заңдылық пен тәртіпті орнатуға өз үлесін қосуда

Экономикалық және қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, контрабандаға қарсы күрес және заң мен тәртіпті сақтау Агенттіктің басым міндеттері болып қала береді.

Бұл жағдайда иісшіл иттер де өз көмегін көрсетті.

Ағымдағы жылдың басынан бері Агенттік иттердің көмегімен есірткіні заңсыз тасымалдаудың 33 фактісін анықтады.

Табылған есірткінің жалпы салмағы 17 келі, оның ішінде:

  • марихуана/каннабис – 5,2 кг. (20 факт);
  • гашиш/гашиш майы – 11,5 кг. (11 факт);
  • көкнәр сабаны, тетрагидроканнабинол және басқа да синтетикалық есірткі түрлері.

Сонымен қатар, осы кезеңде Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізудің 17 фактісі анықталды.

Анықталған валютаның жалпы сомасы 529 152 АҚШ доллары мен 9 500 еуроны құрады.

Оның ішінде 15 жағдай Алматы қаласында, 2 жағдай Маңғыстау облысында тіркелген.

Еске салайық, 2023 жылы кинологиялық орталық мамандары есірткі транзитінің 29 фактісін және валютаны заңсыз шығару әрекетінің 18 фактісін анықтаған.

 

ҚР ҚМА Баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *