30 маусымда Қостанай облысы ПД патрульдік полиция ротасының полицейлері Ыбырай Рақымғалиев пен Әсет Ерханов Рудный — Денисов тас жолының бағыты бойынша жұмыс істеді. Рудный қаласының Парковая көшесімен жүріп бара жатып, дүрбелеңге түскен ер адам полицейлерді тоқтатты, деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі
Рудныйлық бірнеше минут бұрын үйдің ауласынан оның «ГАЗ 31102″автокөлігі ұрланғанын айтты. Ер адам аз ғана уақытқа кетіп қалғанда көліктің есігін ашық қалдырған. Қайтып оралғанда ол «Волгасын» таба алмады. Салонда ұялы телефон мен құжаттар да қалды.
Патрульдер дереу іздестіру шараларын бастады. Автопатруль ағаш отырғызатын жаққа бағыт алды. Жарты сағат ішінде ұрланған көлік орманда табылды. Рөлде Рудный қаласының 42 жастағы тұрғыны болған. Күдікті ұсталды, жәбірленушіге көлік пен зат қайтарылды.
Андрей Андросов тәртіп сақшыларына жеделдік пен көмек үшін алғыс айтты.
Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері жыл басынан бері «ізін суытпай» 11 ұрлықты ашты.