Қабылдау осы айда жоспарланған
Егін жинау науқаны аяқталуға жақын. ЖЖМ тапшылығына байланысты республикада Қостанай облысының 14 оператор-жеткізушілеріне 27 мың тонна дизель отынының түсуі жоспарлануда.
— Күн сайын жұмыс тобы мониторинг жүргізеді. Жеңілдетілген дизель отыны бойынша мәселелер мен проблемалар туындаған жағдайда Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне 8 (7142) 53-60-26 және 8 701 190 36 66 нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз, – деп хабарлады ЭТД баспасөз қызметі.