Сондай-ақ, жаназа асында үш адамнан артық кісіге сөз беруге шектеу қойылды.
Қостанай облысында Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігінің облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен өткен «Дін мен дәстүр: Ысырапшылдықтың алдын алу» жиында жаназа рәсімдерін өткізуге қатысты жаңа шешім қабылданды.
Қостанай облысының бас имамы Бектұрсын қажы Торғайбайұлының мәлімдеуінше, шешімде нақты талаптар мен шектеулер бар. Олардың негізгілері:
- қонақ асын (жаназадан бір күн бұрынғы берілетін кешкі асты) тоқтату;
- ас мәзірін (бауырсақ, нан, қант, кәмпит-піспенан, су, шәй, ыстық тамақ) бірізділікке салу;
- ҚМДБ-ның «Қамқор-шарапат» салттық қызмет көрсету орталығының бекіткен нормалары бойынша зират көтеру;
- марқұмның жылдық астарында көрсетілетін бейнероликтердің әуеніне назар аудару, бейнеде алкогольді ішімдігі бар фото не видео көріністердің, әуреті ашық киімдердің болмауын қадағалу;
- жаназа астарын жиналысқа айналдырмау, сәйкесінше, онда үш адамнан артық кісіге сөз бермеу.