Қостанай облысында заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдау орталықтары ашылды

Заңды тұлғалардан құжаттарды қабылдауды оңтайландыру мақсатында өтініштерді қабылдау орталықтары жұмыс істейтін ХҚКО қалалық және аудандық бөлімшелері арқылы өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру бойынша жұмыс жүргізілді.

 

– Енді заңды тұлғаларға құжаттарды тапсыру үшін «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ өңірлік филиалының кеңсесіне келудің қажеті жоқ. Облыстың кез келген ХҚКО – на жүгінуге болады», — деп мемлекеттік корпорацияның Қостанай филиалында атап өтті .

Атап айтқанда, хабарлама сипатындағы қызметтерді көрсету ХҚКО-ларда заңды тұлғалардан жіберілетін құжаттардың мынадай түрлері бойынша жүзеге асырылады:

1)заңды мекенжайының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама

2)заңды тұлға басшысының (резидент еместердің) өзгергені туралы хабарлама

3) заңды тұлғаның жарғылық капиталын ұлғайту туралы хабарлама

4) заңды тұлғаның Экономикалық қызмет түрін өзгерту туралы хабарлама

5)басшы мен құрылтайшының дербес деректерінің өзгергені туралы хабарлама (Т. А. Ә.)

6) заңды тұлғалардың тіркелген заңды тұлға туралы мәліметтерді ұсынуға қатысты сұрау салулары.

Жоғарыда көрсетілген қызметтер хабарлама жасау тәртібімен жүзеге асырылады, тіркеу алымын төлеу көзделмеген.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *