2022 жылғы 13 ақпанда Қостанай облысында COVID-19-дың 115жағдайы тіркелді, бір тәулік ішінде сырқаттанушылықтың өсу қарқыны 0,21 % құрады.
Ауырғандар: Қостанай қ. –20, Рудный қ. – 22, Жітіқара қ. – 11, Қарабалық ауданы – 9, Арқалық қаласы және Федоров ауданында – 7, Лисаков қаласы, Алтынсарин, Әулиекөл және Қарасу аудандарында – 6, Қостанай ауданы – 5, Мендықара ауданы – 4, Б.Майлин ауданы – 3, Амангелді, Қамысты және Ұзынкөл аудандарында – 1.
94 адам ауруханаға өздігінен жүгінген кезде тексерілді, 15 адам коронавирустық инфекцияның нақтыланған жағдайлармен байланыста болған, 6 жағдай профилактикалық мақсатта тексерілді.
Індет жұқтырғандардың ішінде 97 адамда ауру белгілері болды, 18 жағдай — белгісіз.
Жалпы Қостанай облысында 2020 жылғы 03 сәуірден бастап 2022 жылғы 13 ақпан аралығында COVID-19-дың 52 450 жағдайы тіркелді.
Емделіп шыққан адамдардың саны – 50 478.
2021 жылы 1 ақпанынан бастап бірінші компонентпен 355 193 адам, екінші компонентпен 338 429 адам вакцинацияланды.