Полиция 7 тамыз күні таңертең Жамбыл ауылында үйден кеткен баланы іздестіруде
Полиция баланың 18 және 13 жастағы үлкен әпкелерінің бақылауында болғанын хабарлады.
Таңертең оянғанда, олар сіңлісін үйде таппады. Бұл туралы полицияға қыздың анасы хабарлады.
Полиция департаменті хабарлама түскеннен кейін бірден іздеу шараларының кешені басталғанын атап өтті.
Қостанай полиция бөлімінің жеке құрамы дабыл бойынша көтерілді. Іздеуге еріктілер қосылды.
Қазіргі уақытта баланың орналасқан жерін анықтау үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда.