Қайғылы хабармен қазіргі облыс әкімі Құмар Ақсақалов Instagram-дағы парақшасында бөлісті.
«Кенжебек Укинович Укиннің өмірден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадық. Ол елдің дамуына үлкен үлес қосқан абыройлы мемлекет және қоғам қайраткері болды. Кенжебек Укинович еңбек жолын мұғалімдіктен бастап, облыс әкімшілігінің басшысына дейінгі ұзақ жолды жүріп өтті. Ол, әсіресе Қазақстанның тәуелсіздігін қалыптастыру жылдарындағы қиын кезеңдерде ерен еңбегімен танылды. Марқұмның отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамыз. Оның еңбегі мен парасаты болашақ ұрпаққа әрдайым үлгі болып қалады. Жатқан жері жайлы, топырағы торқа болсын», деп жазды Құмар Ақсақалов 13 қазанда.
Кенжебек Укин — ұстаздықтан басшылық қызметке дейін көтерілген өңірдегі беделді саясаткерлердің бірі. Ол кісі 1990 жылдардың басында Торғай және Қостанай облыстарын басқарған.