ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ АСТАНАДАҒЫ ЖӘРМЕҢКЕДЕ 400 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМДІ САТАДЫ

Астанада Қостанай облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен дәстүрлі жәрмеңке өтуде.

Өңірдің 14 ауданы мен 3 қаласынан 50 кәсіпорын қатысады. Сөрелерде — өңірдің визит карточкасына айналған 100-ден астам азық-түлік атауы бар.

«Қостанайлық брендтер республика бойынша және одан тыс жерлерде танымал», — деп атап өтті Қостанай облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Ибрагим Бекмұхамедов. — Олардың қатарында «Милх» ЖШС, «ДЕП» ЖШС, «Баян Сұлу» АҚ, «Бекиров» ШҚ, «Безбабный» ШҚ, «Торғай АТА» ЖШС, «Қарағулина» ЖК және басқалары бар.

Жәрмеңкеге келушілердің нарықтық құнынан 10-15% — ға төмен жаңа табиғи өнімдерді тікелей фермерлер мен ауылшаруашылық тауарларын өндірушілерден, яғни делдалдарсыз сатып алу мүмкіндігі бар.

Ибрагим Бекмұхамедовтың айтуынша, елордалық жәрмеңке-сатылымға еліміздің барлық өңірлерімен бірге Қостанай облысы 2009 жылдан бері қатысып келеді. Бүгінде өз өнімдерін Алтынсарин, Әулиекөл, Денисов, Жітіқара, Қарабалық, Қарасу, Қамысты, Қостанай, Меңдіқара, Наурызым, Сарыкөл, Б.Майлин, Федоров, Ұзынкөл аудандары мен Арқалық, Рудный, Қостанай қалалары ұсынды.

Осы ауқымды республикалық іс-шараға алғаш рет қатысқандар да бар. Олардың ішінде күнбағыс майы, ұн және кондитерлік өнімдер шығаратын кәсіпорындар бар.

Қостанай облысының кәсіпорындары барлығы 402 тонна өнім сатуды жоспарлап отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *