Білім басқармасы барлық тілек білдірушілерді қосылуға шақырады
2019 жылы елімізде алғаш рет мұғалімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғауға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Мұғалімдердің құқықтарын сақтауды қамтамасыз ету мақсатында Қостанай облысының білім басқармасы «Қостанай облысының педагогтері қорғауы» Telegram-чат жұмысын бастайды, деп хабарлайды «Наш Қостанай».
Білім басқармасының және бөлімдерінің мамандары әрбір өтініш бойынша фактілерді анықтап, жедел кері байланыс береді.
Барлық өтініштерге жауап беріледі және қажет болған жағдайда шаралар қабылданады. Чаттың жұмыс уақыты 9-дан 18:30-ға дейін.
Мұғалімдер чатқа сілтеме арқылы қосыла алады https://t.me/kostkorgau