30 шілдеде «Карасора 2022» жедел алдын алу іс-шарасы барысында есірткі қылмысына қарсы іс – қимыл бөлімінің қызметкерлері Тобыл қаласының 45 жастағы тұрғынын ұстады, оның көлігін тексеру кезінде 40 кгеліден астам есірткі заты-марихуана мен гашиш тәркіленді.
Аталған факті бойынша «Есірткіні аса ірі мөлшерде өткізу мақсатында заңсыз сақтау»297-бабының 3-бөлігінде көзделген сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, деп хабарлайды polisia.kz.
Ұсталудың егжей-тегжейін Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков хабарлады.
— 30 Шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Дружба кентінің жанында автокөлік тоқтатылды. Тексеру кезінде машина салонында екі қорап табылды, онда өсімдік заттары бар пакеттер болды. Сараптама қораптарда 33 келі марихуана, 8 келі гашиш бар екенін анықтады. Жыл басынан бері бұл заңсыз айналымнан алынған есірткі заттарының ең ірі партиясы, — деп түсіндірді Ерлан Омарбеков.
Тергеу амалдарын одан әрі жүргізу барысында есірткі еліміздің оңтүстік өңірінен облысқа түскені анықталды. Осылайша, полиция аймаққа есірткі жеткізудің ірі арнасын жойды. Есірткі сатушыны ұстау операциясы барысында қызметтік-іздестіру иттері қолданылды. Қазіргі уақытта күдікті ұсталды.
Қостанай облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Серік Байғоновтың айтуынша, жыл басынан бері облыста заңсыз айналымнан 60 келіден астам түрлі есірткі құралдары тәркіленді.