Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қостанай облысы бойынша департаменті және полиция департаменті, облыстық прокуратураның үйлестіруімен 24 жастағы жергілікті тұрғынның заңсыз әрекеттерін тоқтатты.
Зиянды бағдарлама интернет пайдаланушылардың жеке деректерін, яғни логиндер, парольдер және IP-мекен-жайларды ұрлауға мүмкіндік берді. Бұл мәліметтерді интернет-алаяқтар қылмыстық жолмен пайда табу мақсатында пайдалана алады.
Nº2 қалалық сотының үкімімен ол «зиянды компьютерлік бағдарламалар мен бағдарламалық өнімдерді жасау, пайдалану немесе тарату» ҚР ҚК 210-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танылып, бір жылға бас бостандығын шектеуге, 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке және барлық компьютерлік техниканы алып қоя отырып, 15 АЕК (55 380 теңге) айыппұл салуға үкім шығарылды.
Үкім заңды күшіне енді.