ҚЫМБАТ БІРМАНОВА: «ӘР ДАУЫС МАҢЫЗДЫ!»

Рудный қаласындағы халықаралық қазақ тілі қоғамының төрайымы, қалалық мәслихаттың депутаты Қымбат Бірманова атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты өз пікірін білдірді.

Өзінің үндеуінде ол АЭС салу жобасының елдің экономикалық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашатынын, жұмыс орындарын құрып, Қазақстанды тұрақты энергиямен қамтамасыз ететінін атап өтті.

«Құрметті рудныйлықтар, алда АЭС құрылысына байланысты өтетін референдум келе жатыр, сондықтан барлық қала тұрғындарын өз дауысын беруге шақырамын. Бұл елдің болашағы үшін аса маңызды шешім деп ойлаймын, – дейді Қымбат Бірманова. – Қазақстандықтар өздерінің азаматтық позициясын білдіріп, бұл шараға белсенді қатысуы керек. Әрбір дауыс – біздің қоғамның болашағына әсер етеді. Сондықтан, барлығымыз бірлесе отырып, дұрыс шешім шығаратынымызға сенемін. Тек халықтың пікірін ескере отырып, сапалы және тиімді шешімдер қабылдай аламыз».

Қала депутатының пікірінше, әрбір тұрғынның азаматтық белсенділік танытуы және 6 қазан күні өтетін референдумға қатысуы маңызды.

Айлана ЕРХАНОВА,

суретті түсірген Султан СЕРТАЕВ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *